Астаналық әйел терминалдан басқа адамның ақшасын алып кетті

Заң бұзушылық тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 15:47 Сурет: polisia.kz
“Есіл” ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ақша ұрлады деген күдікпен 36 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында әйелдің қаладағы банкоматтардың біріне келгені анықталды. Оның алдында терминалға үлкен көлемде ақша салған ер адам тұрған.

Алайда операцияны орындау кезінде ақша есепке алынбай, терминал ұяшығында қалып қойған, деп жазады Polisia.kz.

Басқа қолма-қол ақшаны алуға асыққан ер адам көлігіне кеткенде күдікті әйел қабылданбаған 940 мың теңгені өзімен алып кеткен.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады. Ақшаның бір бөлігін пайдаланып, ол өз несиесін жапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: