Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да ағылшын тілі курсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіленді

ШҚО полиция департаменті, есірткі, қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 10:59 Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Семей қаласы полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен білім беру орталықтарының бірінің ағылшын тілі кабинетінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу бөлмесін тінту кезінде еденнен ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар полиэтиленді түйіншек салынған картон қорап табылды. ШҚО ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, сараптама қортындысы тәркіленген зат «кептірілген марихуана» екенін көрсеткен. Оның жалпы салмағы 11, 5 келіден асады.

ШҚО полиция департаменті, есірткі, Алматы тұрғыны, қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 10:59

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі – «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Бұл баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: