Жаңалықтар тізбегі
0

Ойын ойнайық деген онлайн-алаяқ біреудің 190 мың теңгесін сыпырып кетті

ТО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 15:55 ТО ПД баспасөз қызметі
Онлайн-алаяқтық жасады деген күдікпен Жамбыл облысының тұрғынын ұстады.

Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын онлайн-алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша белгісіз тұлға оның ватцап әлеуметтік желідегі чаты арқылы ойынға қатысуға шақырған. Ойынның шартын түсіндіре отырып, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 190 мың теңгеге жуық ақшасын алған, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда алаяқ әйел қайтарып бермей, алдап кеткен. Осыдан кейін Түлкібас ауданының тұрғыны полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша СДТБТ-ға тіркеп, бірден күдіктілерді іздеуге кірісті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түлкібас АПБ-нің полицейлері бір тәулік ішінде алаяқтың ізіне түсіп, күдіктіні көрші облыстан қолға түсірді.

Тергеушілердің анықтауынша күдікті әйел Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің ватцап әлеуметтік желісінде арнайы чат ашу арқылы жәбірленушіні алдап, өз торына түсірген. Күдіктінің бас шарасы "қолхатта". Қазіргі таңда ұсталған азаматшаның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа түрі – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерді жасайды. Сондықтан барынша сақ болыңыз! Кез-келген адамға сенбеңіз, өзіңізге ғана белгілі құпия сандарды ешкімге айтпаңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: