Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматының үлкен айналма жолы ақылы болмақ

Құрылыс құны 180 миллиард теңгені құрайды.

Сурет : Фото: Караван5 Желтоқсан 2017, 10:35
Қазақстанның инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанадағы Жаһандық инвестициялық дөңгелек үстел барысында Алматы үлкен айналма автомобиль жолының құрылысы туралы айтты, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан экономикасының барлық саласында шетелдік ірі инвесторлармен жұмысқа арналған атқарымдар бар. Агроөнеркәсіп кешені бойынша 800 миллион долларға шарт жасалады, Алматы үлкен айналма автомобиль жолы бойынша ақтық шарт жасалады, мұнда консорциум-жеңімпаз анықталды – оңтүстік кореялық-түрік консорциумы, төрт компаниядан тұрады", — дейді Қасымбек.

Ведомство басшысының айтуынша, инвесторлар "түбегейлі анықталды".

Айналма жолды салу желтоқсанда басталады. Жоба 2025 жылға дейін жоспарланған. Құрылыс құны 180 миллиард теңге.

"Осы айдан бастап мобилизация іске қосылуы қажет деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары күн жылынғанда басталады. Бірінші тоқсандықтың соңында — екінші тоқсандықтың басында алаңқайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады деп ойлаймыз", — деп атап өтті министр.

Жолды салуға үш жылдан артық уақыт кетеді, ол ақылы болмақ.

"Жол ақылы болады, өйткені бұл балама жол. Алматының транспорттық жүктемесін біршама төмендетеді деп сенеміз, транзиттік көліктердің үлкен ағынын қалаға кіргізбей-ақ өткізуге мүмкіндік туады", — деп хабарлады Қасымбек.

Оның сөзіне сүйенсек, жол 60 шақырымнан астам қашықтыққа ұласып, бірінші санатқа жатады. Бетоннан жасалып, сегіз-он жолақтан тұратын жолда инженерлік құрылыстар да жеткілікті болмақ.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер