Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жол ақысын банк картасымен төлеудің тағы бір жүйесі сыналуда

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2020 18:48 astana.gov.kz
Банк картасымен төлеу кезінде жол жүру құны 90 теңгені құрайды.

№20 бағытта кез келген екінші деңгейдегі банк картасымен төлеудің пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл төлем жүйесі тест режимінде жүзеге асырылады және шамамен бір айға созылады, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап.

VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тизізу жеткілікті. Қажет болған жағдайда жолаушы электронды билетті smsbus.kz сайтынан ала алады. Валидатор экранында мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық билетті алуға сілтемелер көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, банк картасымен төлеу кезінде жол жүру құны 90 теңгені құрайды.

Айта кету керек, қазіргі жолаушылар ағыны жасайтын 400 мыңнан астам сапары кезінде жол ақысын банк картасы байланыстырылған мобильді қосымшалар арқылы төлеудің балама әдістерін қолданудың өсуі байқалады және бұл үлес жалпы айналымның 20% құрайды. Болашақта бұл үрдіс CTS-ке банк карталарынан тікелей төлем қабылдау мүмкіндігімен онлайн режиміне көшу міндетін қояды. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін CTS компаниясы бұрын банк карталарымен төлем қабылдау бойынша екі пилоттық жобаны жүргізді. Бұл пилоттық жобалар – толыққанды қосу алдында барлық бағыттарда әртүрлі валидаторлар мен жүйелерді тексеруге мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: