Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбеде букмекерлік кеңсені тонаған 3 күдікті іздестіріліп жатыр

Ақтөбе қаласындағы Мәскеу шағын ауданында букмекерлік кеңсе тоналды.

Сурет : Фото: inform.kz5 Желтоқсан 2017, 11:16
Ақтөбеде букмекерлік кеңседен 200 мың теңгеден астам қаржыны ұрлап кеткен күдіктілер іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы Мәскеу шағын ауданында букмекерлік кеңсе тоналды. Түнгі сағат 3:30 шамасында кеңсеге бетперде киіп кірген үш адам қызметкерлерді қарумен қорқытқан болуы мүмкін.

«29 қарашада түнде кеңсеге кірген үш адамда бетперде болған. Олардың біреуі медициналық бетпердемен бетін жасырған. Тонаушылар тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадағы 200 мың теңгеден астам ақшаны алып кетті. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген», - деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері бір аптадан бері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Букмекерлік кеңсені тонап кеткендер әлі ұсталған жоқ. Үш күдікті кірген кезде күзет қызметінің қорғанатын қаруы болмаған.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер