Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда букмекерлік кеңсенің кассасы тоналды

Тонау, шабуыл, букмекерлік кеңсе, Атырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 21:07 Сурет: видеодан алынды
3 желтоқсанда таңертең букмекерлік кеңсе қызметкері полицияға хабарласып, мекемеге қарақшылық шабуыл жасалғанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында сағат 08:55 шамасында бетін тұмшалаған, шамамен 20-25 жастағы ер адам букмекерлік кеңсе қызметкеріне ас үй пышағын тақатып, кассадағы 143 мың теңгені алғаны, содан соң оқиға орнынан қашып кеткені анықталды.

Полиция қызметкерлері күдікті - қаланың 25 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша тергеу изолтяторында. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 192-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу шаралары қолға алынды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: