Көкшетаудағы букмекерлік кеңсеге жасалған қарулы шабуыл видеоға түсіп қалған
Сурет: видеодан алынды
Көкшетауда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 22 наурызға қараған түні Көкшетаудағы букмекерлік кеңселердің біріне қаскөй қарақшылық шабуыл жасап, кассирдің мойнына пышақ тақап 1 млн 104 мың теңгені ұрлап кеткен.
22 жастағы ақмолалық Көкшетау қаласының полиция басқармасына хабарласып, болған жағдай туралы айтып берді. Кассирдің айтуынша, сағат 04: 50-де касса бөлмесіне пышақпен қаруланған жас жігіт кіріп келген. Ол бетін медициналық бетперде және мойын орамалмен қатар тұмшалап алған. Оған пышақ тақаған қаскөй ақша талап етіпті. Қаскөйді тоқтатуға тырысқан күзетшіге де пышақпен доқ көрсетілген. Касса мен сейфтегі барлық ақшаны сыпырып алған ұры оқиға орнынан тез ізін суытты. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Бейнебақылау камералары арқылы полицейлер күдіктінің қай бағытта қарай қашқанын анықтады.
№6 стационарлық бекеттің жанындағы полиция қызметкерін байқаған ол қолындағы пышақ, шарф, қолғапты лақтырып жіберіп, сол маңдағы тұрғын үйлердің бірінің подъезіне кіріп, тығылуға тырысты. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері (аға лейтенанттар Балтин, Тұрсынбаев, Көшкенбай) Пушкин көшесіндегі үйлердің бірінің подъезінің төбе жақтауына жасырынуға тырысқан Зеренді ауылының 19 жастағы тұрғынын ұстады. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Ведомство заттай дәлелдемелерді (пышақ, ақша қаражаты) тәркілеп, күдікті Көкшетау қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.
ҚР ҚК-нің 192-бабы, 2-бөлігі, яғни "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Бұл бапқа сәйкес, сотталушының мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript