Алматы облысында түнде кісі тонайтын үш жігіт ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 22:14 polisia.kz
Алматы облысында қарақшылық шабуыл жасалды, күдіктілер ұсталды.

Үш жас жігіт Алматы облысының тұрғындарына қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

6, 7 және 9 қарашада полицияға Қарасай ауданының үш тұрғыны түнгі уақытта қарулы шабуыл жасалғаны туралы арыз жазды. Барлық эпизодтарда медициналық бетперде, кепка пен капюшон киген, тапанша мен пышақпен қаруланған үш жас туралы хабарланды, - деп хабарлады Алматы облысының ПБ.

Қаскүнемдер зорлық-зомбылық, қорқыту арқылы зардап шеккендерден құны 330 мыңнан 840 мың теңгеге дейінгі қымбат ұялы телефондарды алып кетті. Олар жалға алынған күміс түсті Honda автокөлігімен жүрді.

Олар Алматыда ұсталды. Олар бұрын тонау, қарақшылық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және ұрлау үшін сотталған. Күдіктілерден пышақ, тапанша, маска, ұрланған екі телефон алынды, олар үшінші телефонды сатып үлгерген.

Аталған фактілер СДТБТ-де ҚР ҚК 192-бабы, 2-бөлігі, 1, 4-тармақтары бойынша тіркелді.

Қазір олар қамауда.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: