Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында адамдарды гипнозбен тонайтын Өзбекстан азаматтары ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 03:58 zakon.kz
ҚР аумағында тіркеусіз жүрген күдіктілер қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Алматы облысында адамдарды гипнозбен арбап, тонайтын алаяқтар тобы ұсталды. Әйелдер осындай тәсілмен алтын бұйымдар мен ірі ақшаны иеленіп отырған, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың 17-18 қазан аралығында Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімшесіне Есік қаласының екі тұрғыны мен Көктөбе ауылының тұрғыны алаяқтық туралы арыз түсірді. Арызданушылардың айтуынша, гипноз арқылы алдау жолымен төрт әйел өздерінің сеніміне кіріп, доллардай, теңгедей ірі ақшасын, алтын бұйымдарын және қымбат ұялы телефонын иемденген. Аталған фактілер СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі; 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, "Адамдар тобымен жасалған алаяқтық" бойынша тіркелді, делінген өңірлік ПД-ның Instagram-дағы парақшасында.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде КПБ қызметкерлері 25 пен 42 жас аралығындағы Өзбекстанның төрт азаматын ұстады, олардан сақина, сырға және алқа сынды ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі тәркіленді. Әйелдер жәбірленушілердің ақшасы мен материалдық құндылықтарын өздеріне ерікті түрде ақысыз негізде бергенін түсіндіріп, ішінара кінәсін мойындады.

ҚР аумағында тіркеусіз жүрген күдіктілер қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: