Жаңалықтар тізбегі
0

Қарызын қайтарғысы келмеген Риддер тұрғыны қулық жасаймын деп тұтылды

Жалған хабар беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2022 17:34 Сурет: pixabay
Қарызын қайтарғысы келмеген Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны полицияға өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын айтып, құрбанның кейпіне енген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Риддердің 30 жастағы тұрғыны жергілікті полиция бөліміне хабарласып, өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлады.

Оның айтуынша, түнде үйіне бетперде киген үш белгісіз адам кіріп, күш қолдану арқылы 3 820 000 теңге ақшасын алып кеткен.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады (қарақшылық).

Алайда, арызданушымен әңгімелесу кезінде оқиға басқа жағдайға ойысты. Ер адам полицейлерге өзіне қатысты ешқандай қылмыс жасалмағанын мойындап, мұның бәрін танысына 950 000 теңге қарызын қайтарғысы келмегендіктен ойлап тапқанын айтты. ШҚО ПД баспасөз қызметі

Енді ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес (жалған хабар беру) "жәбірленушіге" үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: