Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының тұрғыны қару-жарақты өз еркімен полицияға тапсырды

Алматы облысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2022 12:14 Сурет: Zakon.kz
Тауып алған қару-жарақтарын өз еркімен полицияға тапсырған Алматы облысының тұрғыны жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны жаппай тәртіпсіздік кезінде Талдықорған қаласының көшелерінің бірінен бірнеше қару-жарақ тауып алып, оларды ерікті түрде полиция органдарына табыстады. Құқық қорғау органдарының ескертулерін басшылыққа алған тұрғын тексеруден кейін жауапкершіліктен босатылды.

Барлық тұрғындарды тауып алған заңсыз қару-жарақтарды еш ойланбастан полицияға тапсыруға шақырамын. Осы әрекеттеріңіз сіздерге сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде көп көмек көрсетеді. Мен Ішкі істер министрлігінің тұрғындарға жолдаған үндеуін ескеріп, 5 қаңтарда Талдықорған қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде тауып алған 11 тапанша мен 1 дана автоматты жағдай тұрақталған соң тәртіп сақшыларына табыстадым. Осы арқылы барлық жауапкершіліктен босатылдым. Талдықорған қаласының тұрғыны

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздің тұрғындарына заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру туралы үндеу жариялаған болатын. Тәртіп сақшылары елдегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрланған қару мен оқ-дәрілер заңсыз мақсаттар үшін пайдалануы, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескерткен.

Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық (ҚК 287-бабы) бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 482-бабы-25 АЕК айыппұл) жауапкершілік көзделген. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Алматы облысының полицейлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырады. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік үшін қарулар мен жарылғыш заттарды пайдаланбауды, оларды мүлдем тасымалдамауды, жауапкершілікке тартылмас үшін бірден полицияға 102 немесе 112 телефондары арқылы хабар беруді сұрайды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: