Алматы облысының "пысық" тұрғыны Армениядан 78 көлік әкелген
![Дром, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2020 21:51](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-25dca89c-e262-4b5e-a425-efd9c8e4b909/800x452.webp)
ҚР ІІМ республика азаматтарының ЕАЭО елдерінен әкеп, елге кіргізіп алған көліктері туралы деректерді саралауда, деп хабарлайды zakon.kz.
Олар келтірген мәліметке сенсек, Қазақстанның 475 азаматы кемінде 5 автокөліктен, жалпы саны 4152 автокөлік алып келген.
Армениядан ең көп көлік келген өңір – Алматы облысы болып шықты, бұл өңір тұрғындарының атына армениялық 78 автокөлік тіркеліпті.
Атырау облысының екі тұрғыны 43 және 40 автокөлікті бірақ алып келген.
Тұрғындары елге Армениядан кемінде 5 көліктен кіргізген өңірлер "рейтингі" мынадай болып отыр:
Атырау облысы – 2300 автокөлік,
Маңғыстау облысы – 468 автокөлік.
Ақтөбе облысы – 391 автокөлік.
Алматы облысы – 170 автокөлік.
Түркістан облысы – 146 автокөлік.