Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының полицейлері "Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі" атты кездесу өткізді

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 19:02 Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі
Студент арулар білгісі келген сұрақтарға тұщымды жауаптар алып, түйткілді мәселелер бойынша пікір алмасты.

Алматы облысында Жергілікті полиция қызметі Талдықорғандағы Агротехникалық колледжде студент қыздармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әйел – отбасы шырағы" атты акция аясында ұйымдастырылған кездесуге тәртіп сақшыларымен қатар, облыстық "Аналар кеңесінің", Әлеуметтік орталықтың және "Аналар үйінің" өкілдері қатысты.

Кездесу басында облыста әйелдердің құқығын қорғау және оларға қарсы жасалатын әрекеттердің алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы ақпараттар беріліп, осы мақсатта арнайы әзірленген әлеуметтік роликтер көрсетілді.

Өз кезегінде, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі адам саудасының алдын алу туралы баяндама жасап, әсерлі бейнероликтер ұсынды.

"Аналар кеңесінің" төрайымы Жамал Баймәдиева ұлтты сақтау үшін қыз тәрбиесін мықтап қолға алу керек екенін түсіндірді. "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген нақылды іске асырғанда ғана тәуелсіз еліміз өркендейтінін жеткізсе, "ойнап жүріп от басқан" аруларға қандай көмектер көрсетілетіні жайлы тиісті мамандар айтып берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 19:02

Студент арулар білгісі келген сұрақтарға тұщымды жауаптар алып, түйткілді мәселелер бойынша пікір алмасты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 19:02

"Бүгінгі қыздар – болашақ жар, ертеңгі ана. Сол себепті ұлттық тәрбие құндылықтарына сүйене отырып, бақытты отбасының негізін қалауға атсалысуымыз қажет. Біздің мақсатымыз – отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау, оның алдын алу",- деп атап өтті Полиция департаментінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Алтынай Рақымбергенқызы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 19:02

Кездесу барысында психолог мамандар қыздарға кездесуден алған әсерін қылқаламмен бейнелеуді ұсынды. Кез-келген қиындықтан шығу, күйзелісті жеңу, зорлық-зомбылыққа душар болмау, тұңғиықтан шығу жолдары сияқты сұрақтарға жауап беретін суретті салған әрбір қатысушы "мен мықтымын" деген қорытындыға келді. Әрбір болашақ анаға ой салған кездесу "қызға қырық үйден тыйым" салудың маңыздылығын ашып көрсетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: