Еліміздің төрт өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар қалың жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Қазақстанның төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында 5 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыс бағытында жел күшейеді — 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында 5-6 желтоқсанда кей жерлерде оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан жел күшейеді — 15-20 м/с, қар жауып, боран соғады, желдің ұйытқуы — 23 м/с. Оралда оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан желдің екпіні — 18 м/с, ұйытқуы 20 м/с.

Қызылорда облысында 2-8 желтоқсанда тұман түседі деп күтіледі.

5 желтоқсанда күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар қалың жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз