Еліміздің солтүстік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

24 kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 21:40 24 kz
Кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

"Қазгидромет" РМК 14-15 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан облыстарында болатын дауылды ескертті, деп хабралайды Zakon.kz.

Сонымен, 14 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді деп күтіліп отыр.

Петропавл қаласында 14 наурыз күні оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетеді деп күтіледі.

Ал 15 наурыз күні батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары болады деп күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Сонымен қатар Ақмола және Қостанай облыстарында да дауылды ескерту жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: