Астанада мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

total.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2018 15:41 total.kz
Кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронтальды зонада орналасқандықтан, ауа райы құбылмалы, жауын жауады, тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлайды zakon.kz, Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күші 15-20, түнде кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: