Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

«Голос. Дети»: Данэлия Төлешева тағы да жеңіске жетті

Осы жолы 100 дарынды баланың үштен бірі ғана келесі турға өтті.

Сурет : Фото: Хабар 245 Желтоқсан 2017, 14:26
Алматылық Данэлия Төлешева Украинаның «Голос. Дети» танымал талант-шоуында тағы да жеңіске жетті, - деп хабарлайды Хабар 24.

Ән байқауы әр кезең сайын күрделеніп барады. Осы жолы 100 дарынды баланың үштен бірі ғана келесі турға өтті.

Өзі кішкентай болса да, дауысы талайды тамсандырған алматылық жас талант Данэлияны қазір көрермен қауым жақсы таниды. Бір ай ішінде оның украиналық телешоуда айтқан әнін ютубтан 6 млн-ға жуық адам тамашалап, оның 9 мыңы пікір жазып үлгерген.

Тал шыбықтай нәзік, сүйкімді әрі ерке мінезді кішкентай қыздың жан дүниесі сондай таза, адамды бірден баурап алатын тамаша қасиеті бар екен. Сұхбат алып отырып, жас қыздың сұрағыма салмақты жауап қатқаны сүйсінтті.

- Арманым қолға алған кез келген ісімнің маманы, сол істің шебері болғым келеді. Ән салғанда да солай, ән сөздерін жүрегіммен айтамын, жанымды саламын, тыңдап отырған көрермен мен сияқты сол әнге ғашық болуы тиіс, - дейді «Голос. Дiти» талант-шоуының қатысушысы Данэлия Төлешова.

Данэлия діттеген мақсатына осы жолы да жеткен сияқты. «Голос. Дiти» телешоуының талғамы биік төбе билері 3 әнші қыздың арасынан Данэлияны тағы да жеңімпаз деп жариялады.

- Бірігіп ән салатын үш әншіні таңдағанда қатты қобалжыдым. Қарсылас қыздарымның осал емес екенін жақсы білемін. Әрі Монатик өз командасына ең мықты әншілерді жинайтыны белгілі. Қарсылас қыздарымның жасы үлкен, дауыстары зор. Кейіннен жақсы дос болып араласып кеттік, олар мені сыйлап, өздеріне жақын тартты, біз ұсынған нөмір жақсы шыққан сияқты, - дейді Данэлия Төлешова.

Наталья Чуракова, ұстазы:

- Екі қарсылас қыз украиналық, әрі Монатиктің өзі Украина азаматы, сондықтан бізде үлкен қорқыныштың болғаны рас. Данэлияға бұл жолы жеңіске ұмтылу, намысты қолдан бермеу сияқты қасиеттері көмектескен сияқты. Біз украиналық мамандардың Данэлияны жеңімпаз етіп таңдағанына ризамыз.

«Елдің дәні» – Данэлияның есімінің мағынасы осындай. Елдің сүйікті қызына кешегі шоу кезінде украиналық әншілер «Құдайдың өзі қолдаған қыз» деп баға берді.

«Күннен-күнге көбейіп жатқан желідегі қолдаушыларыма, жаңа достарыма, атам мен анама әрі Димаш Құдайбергенов сияқты өнердегі ағаларыма ризамын», – дейді кішкантай қыз. Кішкентай қыздың армандары асқақ. Ол «елімнің абыройын асқақтатып, атын әлемге танытсам», – дейді.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер