Қостанайда өтіп бара жатқан адам 5-ші қабаттан құлаған баланы ұстап алған

Фото: pp.userapi.com Фото: pp.userapi.com
Дәрігерлердің айтуынша, бала жоғары қабаттан өзі секіріп кеткен.
Қостанайда бала бесінші қабаттан құлап кетті. Өтіп бара жатқан адам ұстап алғандықтан, бала күрделі жарақат алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz Костанайские новости-ге сілтеме жасап.

"Қазір бала травматология бөлімінде жатыр, оны жан сақтау бөлімінен шығарды. Ота жасаудың қажеті болмады. Бірақ бала басынан жарақат алған" - дейді аурухананың бас дәрігері қызметін атқарушы Игорь Белобржицкий.

Дәрігерлердің айтуынша, бала жоғары қабаттан өзі секіріп кеткен. Үстінде сырт киімі болған.

Ал баланың өзі ештеңе айтпайды, ештеңе есімде жоқ дейді. "Мүмкін қорқатын шығар" - деп болжап отыр дәрігерлер.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз