Астаналық тұрғын пәтерлес әйелді өлтіріп, өзі 25-ші қабаттан секіріп кетті

Полиция, задержание, арест, задержанный , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 13:51 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 19 маусымында Астанада қайғылы оқиға орын алды. Елорда тұрғыны бірге тұратын әйелге пышақ салып, артынша өзі 25-ші қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі ақпарға сүйенсек, күдікті суық қарумен баланың көзінше әйелге 4 рет жарақат салған.

Қалалық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың арасында жанжал болған.

"Ер адам әйелге пышақ салып, артынша өзі тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кетті. Құлау салдарынан алған ауыр жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді". Астана ПД баспасөз қызметі

Ашық дереккөздерге сүйенсек, марқұмның артында екі баласы қалды.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тексеру жүргізілуде". Астана ПД баспасөз қызметі

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, деп қорытындылады ведомство.

Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның Ұлттық ортопедия және травматология орталығында екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: