Астанада жігіт 24-қабаттан секіріп кетті

Астанада 18 жастағы жасөспірім 24-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
31 қазан күні «Есіл» аудандық полиция бөліміне сағат 19.30 шамасында Қабанбай батыр даңғылының бойында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті.
Тексеріс барысында бұл факті расталды. Полицейлер ер адамның кім екенін анықтады. Ол 24-қабаттан секіріп кеткен 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript