Семейде жас жігіт 16-қабаттан секіріп кетті
Pixabay
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жайлы ақпарат жария етілмейді.
Семейде жас жігіт 16-қабаттан секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. Автор оқиға кешкісін болғанын айтады.
Қаланың полициясы ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.
"Қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полициядағылар.
Дайана Тоқберген
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript