Петропавл әкімдігінің лауазымды тұлғасы парамен ұсталды

Sputnik Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2021 22:45 Sputnik Қазақстан
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Лауазымды тұлға мемлекеттік нысандардың бірін күзету бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін күзет агенттіктерінің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: