Қызылорда облысында цемент зауытының таныстырылуы өтті

Zakon.kz Zakon.kz
Жалпыұлттық телекөпірде өңірлерден 10 мың жұмыс орны бар 25 индустриалдық жоба таныстырылды.
Индустрияландыру аясындағы жалпыұлттық телекөпірде Мемлекет Басшысы қуаттылығы 1 млн. тонна болатын цемент зауытының құрылысымен танысты. Тампонажды цемент зауыты 2019 жылы жұмысын бастайды.

«Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ли Минг жобаның жүзеге асырылуы туралы баяндады.

- Бүгінгі жүзеге асып отырған бірлескен жоба - Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының бірден-бір мысалы. Зауыттың негізгі өнімі - тампонажды цементтің 30 пайызы ТМД, Қытай және Орталық Азияға экспортталатын болады. Жоба құны 64 миллиард теңгені құрайды, - деді Ли Минг мырза.
Мемлекет Басшысы кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2017-12/thumbs/1512557693_acd_9024.jpg

Естеріңізге сала кетейік, зауыт құрылысы биыл басталды. Нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Кәсіпорында 260 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Бүгінде компания жергілікті 200 адамды жұмысқа қабылдауды бастады, 100 жұмысшыны Қытайға оқуға жіберіп, қалған 100 қызметкер жергілікті колледжде оқытылатын болады.

Жоба 51 бірлескен қазақстандық-қытайлық жобалар тізіміне кірген. Бас мердігер «Чайна Триумф Интернэшнл» - халықаралық көшбасшы компаниялардың бірі, инженерлік жобаларды басқару және инженерлік бас мердігер болып табылатын үздік 50 ұлттық кәсіпорынның тізіміне енгенін атап өту қажет. Тампонажды цемент зауытының өнімі құрылыс, мұнай-газ және уран өндірісінде кең қолданылады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2017-12/thumbs/1512557695_dji_0004.jpg

Жалпыұлттық телекөпірде өңірлерден 10 мың жұмыс орны бар 25 индустриалдық жоба таныстырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз