Жаңалықтар тізбегі
0

Жол картасы аясында 207 мың адам жұмысқа орналастырылды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2020 20:32 24.kz
1 қарашадағы жағдайға зер салар болсақ, өңірлерде 6,7 мың жоба бойынша жұмыс басталып, 207 мың жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 6,7 мыңнан астам жобаны іске асыру басталды. Оларда 130 мың теңгелік орташа жалақымен 207 мың адам еңбекпен қамтылған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінде атап өткендей, Жол картасының негізгі мақсаты - жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және кіріс көздерін қалыптастыру, елдімекендерде инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасау.

Тиісті мақсаттарға жету үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы келесі жұмыс түрлері мен нысандары бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді: күрделі және ағымдағы жөндеу, әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көлік инфрақұрылымы нысандарын қайта құру, сондай-ақ елдімекендерді абаттандыру, - дейді департамент директоры Найла Мұхтарова.

1 қарашадағы жағдайға зер салар болсақ, өңірлерде 6,7 мың жоба бойынша жұмыс басталып, 207 мың жұмыс орны құрылды. Оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 112 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Бағдарламаға қатысушылардың жартысы ауыл тұрғындары, 40%-ы – жастар және 7%-ы – табысы аз азаматтар.

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі ШығысҚазақстан (20,5 мың адам немесе 108,8%), Қызылорда (9,4 мың адам немесе 101,2%) және Атырау (7,3 мың адам немесе 102,9%) облыстарында болып отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, аталмыш Жол картасы арқылы барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте мұндағы жобалар болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

Жол картасындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90%-ының тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Жұмысшылардың кемінде жартысы Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалданып, басымдық жұмыссыз жастарға беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: