"Астана" командасы тұңғыш рет Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты

Фото bkru.co Фото bkru.co
Жалғыз голды соққан ойыншы Марин Аничич.

Прагада "Эден Арена" стадионында өткен Еуропа Лигасының алтыншы турында "Астана" командасы "Славиямен" кездесті, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Станимир Стойловтың шәкірттері бұл матчта 1:0 есебімен тарихи жеңіске қол жеткізді.

Ойынның 40-минутта «Астананың» қорғаушысы, босниялық легионер Марин Аничич қақпа алдындағы қарбалас сәтті пайдалана білді. Өзара кеңесіп, төрешілер голды есептеді.

78-минутта тағы да Н.Эрич бұрыштамадан берілген доптан кейін Ван Буреннің қауіпті соққысын қайтара алды.

Алаң иелері бірнеше рет қатарынан бұрыштамадан доп бергенімен, елордалықтар қорғанысы сыр бермеді. Ақыры астаналықтар «Славияның» барлық шабуылына төтеп беріп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осылай, Станимир Стойлов пен "Астана" ойыншылары тұңғыш рет плей-офф бәсекесіне жолдама алып, Қазақстан футболы тарихында өз аттарын қалдырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз