Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте көпқабатты үйден үш бала мен әйелдің денесі табылды

Фото: tvk-uko.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2017 15:46 Фото: tvk-uko.kz
Қайтыс болғандар - төрт жасар қыз бала, он екі, он үш жасар жасөспірімдер және олардың әжесі.

Шымкент қаласында Республика даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен төрт адамның мәйіті табылды, оның үшеуі кәмелеттік жасқа толмағандар, деп хабарлайды Zakon.kz Тvk-uko телеарнасына сілтеме жасап.

10 желтоқсан күні №31 үйдің төртінші қабатынан төрт адамның мәйіті табылды. Қайтыс болғандар - төрт жасар қыз бала, он екі, он үш жасар жасөспірімдер және олардың әжесі. Отбасы пәтерді жалдап тұрған.

Олар көптен бері көрінбей кеткендіктен алаңдай бастаған туыстары мен көршілері полицияға хабарласқан.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары пәтер есігін бұзып кіргенде сұмдық жағдайды көрген. Алдын ала болжам бойынша, олардың денелері екі-үш тәулік бойы жатып қалған.

Өлімдерінің себебі газдың таралуы болуы мүмкін. Тергеу жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: