Шымкентте бес жастағы бала әке-шешесімен бірге газдан уланып қайтыс болды
Zakon.kz
Үш адам қайтыс болған үйде қолдан жасалған жылыту қазаны орнатылғаны анықталды.
Шымкентте бір отбасы газдың иісінен уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды Today.kz Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
Олар - 41 жастағы ер адам, 34 жастағы әйел адам және олардың бес жастағы ұлдары. Алдын ала дерек бойынша, олар газ иісінен уланып қалған.
Оқиға орнына газ шаруашылығының мамандары келді. Үш адам қайтыс болған үйде қолдан жасалған жылыту қазаны орнатылғаны анықталды.
Отбасының қазасына байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Фото: today.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript