Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Илья Ильин пәтер мен сыйақыны мемлекетке қайтарып беруге дайын

Ильин ақша үлкен стимул болғанымен, спортшылар үшін ақшадан биік мақсаттар бар екенін айтты.

Сурет : Фото: Sputniknews.kz11 Желтоқсан 2017, 15:44

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин допингпен ұсталған спортшыларды алаяқ деп санауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен бізді алаяқ деп санамаймын. Өйткені біз ондай емеспіз, жетістіктерге жету үшін күн-түн демей, қара терге түсіп еңбектенеміз. Меніңше, алаяқтар басқа "форматтағы" адамдар. Олимпиада "алтынын" жеңіп алғанда, миллиондаған адам сенің қуанышыңа ортақтасып, қуаныштан көздеріне жас алады, ал алаяқтарға ондай құрмет көрсетілмейді. Біз Олимпиадада жеңіске жету үшін 9-10 жыл өзімізді көп нәрседен шектейміз, біраз дүниеден бас тартамыз", — деді атлет бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ильин ақша үлкен стимул болғанымен, спортшылар үшін ақшадан биік мақсаттар бар екенін айтты.

"Әрине ақша спортшыны ынталандырады, бірақ біздің мақсатымыз одан да жоғары. Біз ақша үшін жұмыс істемейміз. Мен кейде адамдар осындай сұрақ қойғанда таңғаламын. Бір күн немесе бір апта біздің залға келіп, ондағы атмосфераға куә болсаңыздар, бізді түсінесіздер. Онда қуаныш та, көз жасы да, мұңаю да, жабығу да – бәрі бар. Біз қаншама психологиялық күйзелісті бастан кешіреміз. Иә, біз қиын жағдайға тап болдық. Бірақ бұл тек менің немесе біздің қыздардың ғана емес, спорт саласындағы проблема. Сондықтан меніңше, бізді алаяқтар қатарына жатқызу дұрыс емес. Біз ел игілігі үшін жұмыс істеп жүрміз", — деді Ильин.

Спортшы егер мемлекет пәтер мен көлікті кері сұраса қайтаруға дайын екенін айтты.

Естеріңізге салып өтсек, Илья Ильин допинг сынамасында тыйым салынған заттар табылғаннан кейін, 2008 жылғы және 2012 жылғы Олимпиадаларда жеңіп алған алтын медалінен айырылған болатын. IWF тәртіптік комиссиясының шешімімен, ауыр атлет екі жылға спорттан шеттетілді. ҚР Ауыр атлетика федерациясының көмегімен спортшы Олимпиададан басқа додаларда алған марапаттары мен титулдарын сақтап қалды.

Дисквалификация заңбұзушылық анықталған сәттен бастап, яғни 2016 жылдың 10 маусымында күшіне енді.

Осылайша, Ильиннің спорттан шеттетілу мерзімі 2018 жылдың маусымында аяқталады, содан кейін спортшы Токиода өтетін Олимпиадаға қатыса алады.

Айта кетсек, Илья Ильин – үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы, 94 келі салмаққа дейінгі Азия ойындарының екі дүркін чемпионы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер