Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ОҚО-да 6 жастағы ұлын аяусыз сабап тастаған әйел қамауға алынды

Қазір сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Сурет : Фото: Stan.kz11 Желтоқсан 2017, 17:04

ОҚО-ның Сайрам ауданында өз баласын аяусыз сабаған әйел қамауға алынды, - деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға дәрігерлер хабар берген. 2011 жылы туған бірінші сынып оқушысы денесі көгерген күйінде емханаға түскен.

Полицейлер тексеру кезінде бүлдіршінді туған анасы ұрғанын анықтады. Қазір сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті әйел қамауға алынды.

ТВК тілшісінің хабарлауынша, оқиға Қарабұлақ ауылында болған. Бүлдіршін денесі көгеріп, тісі сынған күйінде емханаға жеткізілген. Анасы ұлын сабағын дұрыс орындамағаны үшін ұрғанға ұқсайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер