«Бәйтерек» холдингінің жаңа төрағасы тағайындалды

Фото: Baq.kz Фото: Baq.kz
«Бәйтерек» холдингінің бұған дейінгі төрағасы Ерболат Досаев болды.

Айдар Әріпханов «Бәйтерек» холдингін басқаратын болды, - деп хабарлайды baq.kz.

Айдар Әріпханов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің жаңа төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол төрағаның орынбасары қызметін атқарған.

Ол 1974 жылы 28 қарашада дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Президенттің «Болашақ» бағдарламасы аясында 2008 жылы Колумбия университетінде экономикалық саясатты басқару бағдарламасын мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

Еске сала кетейік, «Бәйтерек» холдингінің бұған дейінгі төрағасы Ерболат Досаев болды. Ол 2017 жылдың тамызында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз