Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Мәми Конституциялық кеңес төрағасы болып тағайындалды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2017 23:17 Zakon.kz
Мәми Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы болып қызмет атқарған.

Қайрат Әбдіразақұлы Мәми Конституциялық кеңес төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайрат Әбдіразақұлы Мәми - Алматы облысы,Жамбыл ауданы,Жамбыл ауылында 1954 жылы 9 мамырда туған. Отбасылы, екі қыз, бір ұлы бар. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген (1981). Құқықтанушы, з.ғ.д., профессор.

Гурьев (Атырау) облыстық сотының, Алматы қалалық сотының төрағасы болып жұмыс істеді.

1990 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі.

1995 ж. ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер алқасын басқарды.

1999-2000 жылдары ҚР Әділет вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2000 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы, 2009 жылдан бастап – ҚР Бас прокуроры, 2011 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып жұмыс істеді.

ТМД-ның жоғары төрелік соты мен жалпы соттары төрағалары кеңесінің тең төрағасы, ТМД Экономикалық Соты Пленумының мүшесі, Халықаралық заңгерлер одағы (Мәскеу қ.)төрағасының орынбасары болып табылады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік заңгерлер қауымдастығының мүшесі, ЕурАзЭҚ ПАА төрағасы.

Оның жетекшілігімен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы», «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы», «Аралық соттар туралы», «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдар және соттардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер жөніндегі Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары әзірленді.

Сот санкциясы бойынша қамауға алу, сондай-ақ арнаулы экономикалық және ювеналды соттар мен алқа билер сотын құруға байланысты заңнамалық актілерді әзірлеуге және тәжірибеге енгізуге тікелей қатысты.

ҚР Бас прокуроры болған кезде құқық қорғау жүйесі қызметінің сапасын арттыруды, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді жақсартуды қамтамасыз етті. Қазақстан прокурорлары қауымдастығын құру туралы бастама көтерді. Қазіргі кезде Бас прокуратура Халықаралық прокурорлар қауымдастығының толыққанды мүшесі болып табылады.

Қ. Мәмидің соттағы көп жылғы тәжірибесіне негіз болған жұмысының нәтижесінде Қазақстандағы сот жүйесі мен сот билігінің құрылуына және қалыптасуына байланысты алты монография, оншақты ғылыми жұмыс жазылды.

«Парасат» (2003), II дәрежелі «Барыс» (2011) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «МПА СНГ. 20 лет» (2012) мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

«Құрметті судья» құрметті атағына, «Үш би», «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» кеуде белгілерін иеленді.

Ұлттық «KazRATING» рейтинг агенттігі мен «Литер Media» компаниясы бірлесіп жүргізген жыл сайынғы республикалық «Жыл саясаткері» конкурсының (2008) нәтижесі бойынша Қ.Мәми сарабдал саясаткер болып танылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынуымен 2013 жылғы 16 қазанда Қ. Мәми Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы болып қайта сайланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: