Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде бұрқасын болады

Фото: baribar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2017 15:13 Фото: baribar.kz
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, жел 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с болуы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең бұрқасын болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысында көктайғақ болуы ықтимал.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: