Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2017 15:21 Zakon.kz
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды болады, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с, Шығыс Қазастанда екпіні 30 м/с-қа жетеді.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Астанада: бұлтты, -2°.

Алматыда: жауын-шашын, +3°.

Фото: Sputnik Казахстан
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: