Дүйсенбі күні еліміздің барлық аймағында жауын-шашын күтіледі

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2019 15:43 pxhere.com
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал.

18-ақпан күні Қазақстанның аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, республиканың оңтүстігіндегі тауларда қатты жауын-шашын болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, ал Ақмола облысында екпіні 25 м/с жетеді.

Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, Павлодар облысының кей жерлерінде 28 м/с күшейеді.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-22 м/с күшейеді.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдерінің ауданында жел 20-25, түнде екпіні 29 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: