Жұма күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы күтіледі

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2019 15:42 pxhere.com
Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ ,бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал.

Синоптиктер 15-ақпанға арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратқа сәйкес Қазақстанның басым бөлігі төменгі қысым аймағында және соған байланысты атмосфералық фронтардың ықпалында болуына байланысты жауын-шашын, онтүстік- шығыста қатты жауын-шашын күтіледі, тек республиканың оңтүстік және оңтүстік батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ ,бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с болады.

Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15–20 м/с күшеюі күтіледі, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: