Сейсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады
"Қазгидромет" РМК орталығы сейсенбі, 26-ақпанға арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.
Батыс- Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс- Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі.
Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе, Алматы облыстарының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жетеді.
Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын күтіледі, Шығыс-Қазақстан облысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз жел 18 м/с жетеді.
Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.
Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.