СҚО әкiмi бюджеттен жаңажылдық безендiруге қаржы бөлмеудi тапсырды

Zakon.kz Zakon.kz
Облыс әкiмiнiң айтуынша, үнемделген қаржы қаланы абаттандыруға бағытталу қажет.

Жаңа 2018 жыл жақындап келедi. Жуық арада бұл мерекеге дайындық басталады. Жыл сайын Петропавлда жаңажылдық безендiруге бюджеттен ақша бөлiнiп келдi. Облыстық әкiмдiктiң отырысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов қала басшылығына бұл мақсатқа қаржы бөлмеудi тапсырды. Жаңажылдық безендiру әшекейлерiн қайта қолдану — бұл мәселенiң ең тиiмдi шешiмi.

«Қалада былтырғы шыршалар, иллюминациялар мен гирляндтар бар. Соларды қолдану керек. Мұз қалашықтарын демеушiлердiң көмегiмен салуға болады. Бiзге бюджеттiк қаражатты жұмсау тәжiрибесiн тоқтатқан жөн», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмiнiң айтуынша, үнемделген қаржы қаланы абаттандыруға бағытталу қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз