Республикалық бюджеттен 49 млрд, жергілікті бюджеттен 8 млрд қаржы игерілмеген
![Республикалық бюджеттен 49 млрд, жергілікті бюджеттен 8 млрд қаржы игерілмеген, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 11:19](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-6fb7ca13-ce4f-48d9-a132-184f47a31fb7/800x450.webp)
Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық және жергілікті бюджет бойынша көрсеткіштерді баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,3%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 11 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.
"Атқарылмаған қаржы 62 млрд теңге болды, оның ішінде 13 млрд. теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 49 млрд. теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, мәдениет және спорт және сыртқы iстер министрліктерінде қалыптасты". Қаржы министрі
Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.
Ал жергілікті бюджеттердің шығысы 5,8 трлн теңге болды. Атқарылмағаны - 28 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн. теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 шілдеге 755 млрд теңге бөлінген. Оның 99,0%-і игерілген.
"Игерілмегені – 8 млрд теңге. Ең көп игерілмеу: Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Атырау облыстарында қалыптасты", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript