Республикалық бюджеттен 55 млрд теңге игерілмеді – Қаржы министрлігі

Республикалық бюджеттен 55 млрд теңге игерілмеді – Қаржы министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 11:12 Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында мемлекеттік бюджеттің шығысы 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығысы – 99,0%-ке, жергілікті бюджеттердің шығысы 98,6%-ке атқарылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық бюджет бойынша сомасы 7 трлн теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмау 72 млрд теңгені құрады, оның ішінде 16 млрд теңге - үнемдеу.

"Игерілмегені - 55 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Игерілмеудің негізгі себебі:

  • шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу;
  • нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізу;
  • мемлекеттік сатып алу конкурстарының ұзақ өткізілуі;
  • орындалған жұмыстардың актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және басқалары.

Жергілікті бюджеттердің шығысы 3,3 трлн теңге болды. Атқарылмағаны - 47 млрд теңге.


"Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 мамырға 473 млрд теңге бөлінген. Оның 97%-і игерілген. Игерілмегені – 14 млрд теңге. Ең көп игерілмеу: Астана және Алматы қалалары, Атырау және Түркістан облыстарында қалыптасты". Қаржы министрі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: