Ақтөбеде дүкенші кассадағы ақшаны өзі ұрлап алды

zaryatimana.ru zaryatimana.ru
Қазір тергеу жүріп жатыр.

Ақтөбеде дүкен сатушысы полицияға жалған хабарлама беріп, кассадағы ақшаны қалтасынан салып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауылдық округінде орналасқан дүкен сатушысы полицияға телефон шалып, қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат береді. Дүкен сатушысы бетперде киген екі адам келіп, кассадағы ақшаны алып кеткенін мәлімдеген.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Дүкеншіден жауап алу кезінде оның қателескені белгілі болып, қарақшылық шабуылдың қолдан ұйымдастырылғаны анықталды. Өз жауабында, түсініктемесінде дүкенші қателесіп, кейін бейнекамераны сөндіріп тастағанын, кассадағы ақшаны өзі алғанын мойындады. Кейін күдіктіден заттай айғақ ретінде ақшаның бір бөлігі табылды»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жалған ақпарат таратып, ақша ұрламақ болған дүкенші қамауда отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз