Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде инсульт алған қарияны келіні қаңғыбастар үйіне тастап кетті

Фото: inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2017 18:16 Фото: inform.kz
Бейімдеу орталығында қазір 60-қа жуық адам бар.

Ақтөбе облыстық белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды бейімдеу орталығындағы тұрғындар саны күн өткен сайын артып келеді. Олардың арасында келіні есік алдына тастап кеткен қария да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды бейімдеу орталығында күн өткен сайын адам саны көбейіп келеді. Мұндағы тұрғындардың 15-і ұзақ уақыттан бері құжаттарын реттеу үшін жүр. Құжаттары дайын болған соң олар жұмысқа тұрып, кейбірі отбасымен қайта қауышып жатады. Баласының, бауырының жанына қайта оралатындар өте аз.

«Қаңғыбастардың қалада көбейіп кетуінде еш құпия сыр жоқ. Ауылдан қалаға жұмыс іздеп келеді. Таба алмаған соң көше кезіп, тапқанын тамақ етіп ішеді. Арасында ішімдікке салынғандары басым. Жолы болмағандар басқа адамдарды кінәлауға бейім. «Мені үйімнен қуып жіберді», «балам барымды тартып алды» деп айтатындар бар. Қыста өте көп келеді. Бір түнде 28 адам келді» - деді орталық директоры Сабырғали Дәулетов.

Мұнда қазір 60-қа жуық адам бар. Көбі көше кезіп, далаға түнеуді, қыста орталықты паналауды әдетке айналдырған. Кейбірі құжаттарын түгелдеу үшін орталық мамандарының көмегіне жүгінеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2017 18:16

«Орталыққа қазан айында келіп, қазір құжаттарымды қайта қалпына келтіріп жатырмын. Келіншегім қаза болып, екі балам үйленді. Өзім 70 жасқа толамын. Бұған дейін мал бағып, ауылда жүрдім. Енді күшім кетті. Сондықтан құжаттарымды қайта қалпына келтіріп, қарттар үйіне орналасқым келеді. Балаларымның отбасына араласып, кедергі келтіргім келмейді», - деді орталық тұрғыны Абай Саржалин.

Орталықта Ресей, Өзбекстаннан келген адамдар да жатыр. Кейбірі туған жерін, жылын, туыстарын білмейді. Ондай адамдарға құжаттарын қайта жасату мүмкін болмай тұр. Ал кейбірін туған-туыстары әкеліп тастап жатыр.

«Баласы, қызы, апасы, інісі бар қарияны есік алдына келіні әкеліп тастады. Біз оны емдету үшін аурухана жібердік. Себебі, инсульт алып, төсекке таңылған. Бәлкім мінезі нашар шығар, бірақ бағу керек. Оны жуындырып, күтім жасау орталық қызметкерлерінің міндетіне кірмейді. Қала көшесіндегі мүгедекті, қозғала алмайтын адамды бізге әкеледі. Әкелген соң біз оны қуып жібере алмай, қабылдаймыз», - орталық директоры Сабырғали Дәулетов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2017 18:16

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: