Жаңалықтар тізбегі
0

«Астана-Павлодар» трассасында екі учаскенің құрылысы аяқталды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2017 18:31 Zakon.kz
BI Road Construction компаниясының «Казахдорстрой» ЖШС дивизионы 57 км «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолын іске қосты.

2014 жылы басталған «58-88 км» және «88-115 км» учаскелері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын «Орталық-Шығыс» көліктік артериясының бөлігі болып табылады. Жоба Астана қаласын шығыс өңірлермен байланыстыратын болғандықтан, жоғары экономикалық әлеуетке ие: транзиттік жүктерді тарту, отандық тауарлардың экспортының өсуі, жол бойындағы сервис пен туризмді дамыту. Қайта құру процесі толық аяқталғаннан кейін серпін алатын, өңірлер арасындағы тауар айналымын есепке алмағанның өзінде, жобаның маңыздылығы зор.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2017 18:31

Әрбір тапсырылған бөлік 4 жолақты, ені 3,75 м кұрайтын, I-A санатты бетонды жол болып табылады. Жолдың жалпы ені 15 метр. Жол төсемінің түрі - қалыңдығы 25 см цементті бетон. Әрбір бөлікті қайта құру тек жол төсемін салуды ғана емес, сонымен қатар, қосалқы жұмыстардың орындалуын қамтиды: су құбырларын қондыру, мал өтетін жолдардың, өтпежолдардың, көпірлердің, көлік жол айырықтарының, автобус аялдамаларының, автокөлік павильондарының және демалу алаңдарының салынуы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2017 18:31

Жобаларда алға қойылған міндеттердің нақты орындалуына BI Group холдингісінде енгізілген Lean үнемді өндіріс технологиясы септігін тигізді. Жұмыс процестерін оңтайландыру жолдарын іздестіру тиімді нәтижелер берді. Командалардың жұмыс өнімділігіне тағы бірнеше басқа факторлар оң әсерін тигізді», - дейді, «Казахдорстрой» дивизионының бас директоры Серік Төлебаев, ‒ «Олар: қолайлы вахталық ауылдардың, бетон және топырақ араластырғыш қондырғылардың, учаскелерде орнатылған техника жөндеу базалары, сондай-ақ шикізаттың және төселуге дайындалып, сыналып жатқан бетон үлгілері сапасын бақылайтын жоғары технологиялық лабораториялардың бар болуы. Мұның бәрі күрделі жол жұмыстарын сәтті, уақытылы және сапа талаптарын сақтай отырып, аяқтауға мүмкіндік берді».

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2017 18:31

Жоба командасы тез әрі тиімді жұмыс жасауға ұмтыла отырып, жанындағыларды да ұмытпады. Новомарковка, Кеңөткел, Жаңаөзен ауылдарының жергілікті тұрғындарымен жылы серіктестік қатынас орнатылды. Дивизион оларға әкімшілік және инженерлі-техникалық қызметкерлер құрамында жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Жергілікті тұрғындар компанияның қамқорлығын бағалап, адал еңбектенді. Дивизион қызметкерлері өз кезегінде елді мекендерге мерзімді көмек көрсетті: қыста қардан тазартты, көктемде - су тасқыны қаупін төмендету мақсатында өзен арнасын тазартты, жазда өртті сөндірді. Сонымен қатар, «Казахдорстрой» ЖШС қызметкерлері Жеңіс күні мен Қарттар күніне материалдық көмек бөлді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2017 18:31

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: