Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде ауылдан қалаға жұмыс іздеп келген жастар қаңғыбастар үйінде түнеп жүр

aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 15:22 aktobenews.kz
Бейімдеу орталығына келетіндердің саны қыс мезгілінде көбейеді.

Ақтөбе қаласындағы белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында қазір 53 адам тұрып жатыр. Оның 43-і ер адам адам болса, 13-інің соттылығы бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Орталықта бөлек бір түндік бөлім бар. Ол жерге адамдар тек түнде қонып кету үшін ғана келеді. Қыс мезгілінде бұл жерді іздеп келетін адамдар көп. Орталық директоры қаңғыбастардың қатарында ауылдан келген жас жігіттердің көбейіп кеткеніне алаңдап отыр.

«Осында жүргендердің барлығы ішіп кеткендер. Олардан отбасылары да бас тартқан. Бұрын үйі-күйі жоқ адамдардың бәрі тек орыстар, өзге ұлт өкілдері болатын. Қазір бізге түсетін қаңғыбастардың 80-90 пайызы қазақтар. Әсіресе, ауылдан келген жастар көп. Жұмыс іздеп келіп, қаңғыбас болып кетіп жатыр. Соңында үйіне де, баласына да керек емес болып қалады. Үй-күйсіз қаңғып келіп, түнеп жүргендердің көпшілігі отыздың айналасындағы жас жігіттер», — дейді Ақтөбе қаласындағы белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Сабырғали Дәулетов.

«Бізде қазір қиындық туғызып отырғаны — осы ғимарат. Құжаты дайындалғанша уақытша жататын адамдар бар және көшеде жүрген қаңғыбастардың тек түнеп шығуына арналған бөліміміз бар. Екі бөлімге де бір есікпен кіреміз. Түнде астыға қандай адамдардың келіп жатқаны белгісіз. Ауруы да, сауы да бір дәлізбен өтеді. Есік алдында отыратын күзетшіміз өкпе ауруына шалдығып ауырып қалды. Біз үйсіз-күйсіз адамдарды күтіп жүрген қызметкерлеріміздің денсаулығына алаңдаймыз», — дейді орталық басшысы.

Бейімдеу орталығына келетіндердің саны қыс мезгілінде көбейеді.

«Қазір көшеде еңбектеп жүрген қаңғыбастарды да бізге әкеліп тастайды. Біздерде оларға беретін дәрі не қарайтын адам жоқ. Әсіресе, ондайлар арақпен, есірткімен есепте тұрғандар. Олар еш жерге сыймаған соң біздерге келеді. Көшеде жүрген жерлерінен полицейлер біздерге әкеліп тастайды. Оларды есіктің алдына жатқызып қоя алмайсың, аласың. Бірақ, бізде оларға қызмет көрсету жағы қиындау. Оларды жуындыратын, тамағын, дәрісін беретін адам керек», -дейді Сабырғали Дәулетов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: