Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларда белсенділік танытқандар марапатталды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 22:42 Zakon.kz
Жиынға Алматы қаласының жергілікті атқарушылық және орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің, жоғары оқу орындарының басшылары мен қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

2017 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспарының іске асырылуы бойынша 2015-2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарының қорытындысы» жөніндегі конференция өткізді, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиынға Алматы қаласының жергілікті атқарушылық және орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің, жоғары оқу орындарының басшылары мен қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (720 адам) қатысты.

Конференцияда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Алматы қаласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі, содай-ақ «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы жол картасының орындалуы бойынша және Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспарының іске асырылуы бойынша 2015-2017 жылға арналған іс – шаралар жоспары жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдарда жүзеге асыру мәселелері қорытындылады.

Конференцияда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Айгүл Байханова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Кәкімжан Бишманов, Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі Асқар Әскеровтер баяндамалар жасады. Баяндамашылар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспарының іске асырылуы бойынша 2015-2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, оның деңгейін төмендету, алдын алу, болдырмау, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәденеиетті қалыптастыру бағытындағы тармақтарының жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың, білім, денсаулық, әлеуметтік, кәсіпкерлік салаларында орындалу барысы жөнінде жан-жақты талқылады.

Конференция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған іс-шараларда белсенділік танытқан мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындар мен үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ кешенді жоспардың жобаларына сәйкес байқаудың жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Жүлдегерлерге дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 22:42

1. Мемлекеттік органдар бойынша:

- Алматы қаласы қаржы басқармасы;

- Алматы қаласы білім басқармасы;

- Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы.

2. Жоғары оқу орындары бойынша:

- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;

- «Нархоз» университеті;

- «Тұран» университеті.

3. Департаментпен тығыз байланыстағы БАҚ өкілдері:

- «Айқын» газеті;

- «Алматы ақшамы» газеті;

- «Хабар-24» телеарнасы;

- «Вечерний Алматы» газеті;

- «Патруль КZ» сайты;

- «Алматы» телеарнасы;

- «Закон КZ»;

- «Эксклюзив КZ» сайты.

4. Департаментпен тығыз байланыстағы ҮЕҰ өкілдері:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиалы;

- «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қоры;

- «Болашақ» республикалық қоғамдық қозғалысы;

- «Жастарға жол» қоғамдық қоры.

5. БАҚ байқауының жеңімпаздары:

- «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі - Ермек Жұмахметұлы;

- Ана тілі газетінің тілшісі - Қали Наразхан;

- «Заң газетінің» тілшісі - Сәкен Қалдыбаев;

- «Алматы» телеарнасының журналисі - Әйгерім Ердәулетқызы;

- Блогер - Айгүл Амитова;

- «Закон КЗ» сайтының бас редакторы - Қайрат Шайхиев.

6. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы үздік ғылыми жобалар байқауы бойынша:

- Алматы энергетика және байланыс университетінің студенті Үстемір Нұрбол;

- Еуразиялық технологиялар университетінің студенті Ерсайын Сыдықан;

- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Сағынай Кенжебаева.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 22:42

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 22:42

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 22:42

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 22:42

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: