Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да "Құқық Қорғау қызметтері орталығы" ашылды

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 01:54 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Орталықтың ашылудағы мақсаты – азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай құқығын жедел түрде қорғау арқылы халықтың мемлекеттік және құқықтық мекемелерге деген сенімін арттыру.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов пен облыс әкімі Жасейіт Түймебаев және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров қатысты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңадан ашылған орталық азаматтарға құқықтық тұрғыда ақысыз қызмет көрсететін болады. Онда тәжірибелі прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, нотариустар мен мемлекеттік кірістер органдары, ішкі істер департаменті, облыс әкімдігі және пробация қызметінің мамандары жұмыс жасамақ. Енді әрбір азамат құқықтық салада кездескен кез-келген мәселесін осы орталық арқылы оңай-ақ шеше алатын болады.

Орталықтың ашылудағы мақсаты – азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай құқығын жедел түрде қорғау арқылы халықтың мемлекеттік және құқықтық мекемелерге деген сенімін арттыру.

Бас Прокурордың орынбасары құқықтық қызмет көрсетуді бір жерде шоғырландыру туралы Ұлт жоспарының 100 қадамында айтылғанын және аталған орталық сол тапсырманы орындау барысында құрылғанын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған облыс әкімі халықтың құқықтық сауатын ашуда бұл мекеменің маңызы зор екенін айта келе, жиынға қатысушыларды орталықтың ашылуымен құттықтады.

«Енді жаңа орталықта 11 мекеменің мамандары азаматтарға ақысыз түрде 22 түрлі кәсіби құқықтық көмек көрсетеді. Бұл дегеніміз әлеуметтік, кәсіпкерлік салаларында жиі кездесетін мәселелердің уақытылы және жедел шешілуіне зор ықпал етеді деген сенімдемін», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Құқық қорғау қызметтер орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында орналасқан. Орталық заманауи техникалық құрылғылармен, электронды кезек жүйесімен, күту залымен басқа да қажетті инфрақұрылымдармен жабдықталған. Мекеме «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: