Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ж.Түймебаев: Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту

Арыс қаласында «Өрлеу» бағдарламасы арқылы да ісін ілгерілетіп отырғандар баршылық.

Сурет : ОҚО әкімінің баспасөз қызметі24 Желтоқсан 2017, 11:53

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев жұмыс сапарымен Арыс қаласында болып, бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы Саналы елді мекеніндегі 150 орынға шақталған мектеп құрылысын аралап көріп, мердігерге құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуына назар аударуын айтты.

Құрылысы биылғы жылдың мамыр айында басталған білім ошағының сметалық құны 386 млн. теңгені құрайды. Қазір мұндағы құрылыс жұмыстарын «Ақ Нұр Строй» ЖШС-гі жүргізіп жатыр. Білім ұясы келер жылдың шілде айында тапсырылмақ.

Мұнан соң облыс әкімі аталған ауылдағы таяуда ғана ел игілігіне берілген фельдшерлік-акушерлік бекетінің жұмысымен танысып, қызметкерлерімен тілдесті. Бір мыңға жуық тұрғыны бар бұл ауылдағы денсаулық сақтау ұйымы науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, әкім «Желмая» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне қарасты түйе сүтін өңдейтін цехта болды. Кәсіпорын түйе сүтін пластикалық ыдыстарға құйып, дайын өнім шығарумен айналысады. Тәулігіне 1,5 тонна шұбат дайындауға қауқарлы. Қазір мұнда 13 адам тұрақты жұмыс істеп жатыр.

Жұмыс сапарының соңында Ж.Түймебаев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы 4 млн. теңге несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған ауыл тұрғыны Ғанижан Айтуаровтың жұмысын көрді. Бүгінде кәсіпкер бар қаржысына 16 бас ірі қара алып, сүт, айран, сары май, ірімшік, ет өндіруді жолға қойған. Шаруаның жұмысына қаныққан аймақ басшысы осы бағыттағы жұмыстарды одан әрмен қарай дамыта беруін айтып, атқарылған іске оң бағасын берді.

«Біздің басты мақсатымыз тұрғындарды жұмыспен қамту. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының негізгі мақсаты да осы. Жұмыссыз азаматтардың екі қолына бір күрек тауып беру. Міне, жұмыс жоқ деп отыра бермей, осылай еңбек етемін дегендерге мемлекет тарапынан берілетін көмек өте көп. Осы мүмкіндікті әрбір азамат пайдалануға болады» - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, Арыс қаласында «Өрлеу» бағдарламасы арқылы да ісін ілгерілетіп отырғандар баршылық. Аталған бағдарлама аясында шаштараз, автомеханик-автослесарь сынды мамандықтарды оқыған жұмыссыз азаматтар, мемлекеттің қолдауымен жеке кәсіп ашып, табыстың көзін тапқан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер