Қарағандыда су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты
www.24.kz
Жылу желісіне күрделі жөндеу биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.
Қарағанды қаласының Республика көшесінде су құбырының ақауынан ыстық су атқылап, бірнеше көшені су алды. Апат орнында екі жұмыс бригадасы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
9 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жер бетіндегі су толық жойылып, қазір жер астындағы құбырларды жөндеу жұмыстары қолға алынды.
Оңтүстік-шығыс ауданындағы 150 ден астам көпқабатты тұрғын үйіне жылу беру жүйесінің сапасы төмендеген.
Жылу желісіне күрделі жөндеу биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript