Қырғызстан Президенті Астанаға ресми сапармен келді

Zakon.kz Zakon.kz
Екі елдің көшбасшысы кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіп, екіжақты өзара іс-қимылдың және ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапар аясында Жээнбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Бұған дейін Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі екі елдің көшбасшылары кеңейтілген құрамда да келіссөздер өткізіп, онда екіжақты өзара іс-қимылдың және ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтындығын хабарлаған болатын.

Сапар қорытындысында бірқатар құжатқа қол қойылып, мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдайды деп күтілуде.

Қырғызстан Президенті ресми сапары аясында Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен де кездесуі жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз