Қазақстанға Швейцария Президенті келді. Ресми шара тұңғыш рет тікелей эфирден көрсетіледі
Facebook/Берік Уәли
Тараптар шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Елімізге Швейцария конфедерациясының президенті Ули Маурер ресми сапармен келді. Ресми салтанатты кездесу тұңғыш рет телеарна арқылы тікелей эфирден беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тікелей эфир "Хабар-24" телеарнасынан беріледі. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Бүгін сағат 11:30-да "Хабар 24" телеарнасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурердің ресми салтанатты кездесуін тікелей эфирде көрсетеді. Ресми салтанатты кездесу тұңғыш рет тікелей эфирден беріледі", деп жазды ол.
Тараптар шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript